Үндістанның сыртқы істер министрі Қырғызстан және Қазақстанға барады
Үндістанның сыртқы істер министрі Субрахманям Джайшанкар 10-13 қазан аралығында Қырғызстан, Қазақстан және Арменияға барады. Бұл жөнінде үнді басылымдары хабарлады.
Үндістан сыртқы істер министрі Қырғызстанда 10 қазанда болады. Одан кейін 11 қазанда Қазақстанға барады. Одан кейін Арменияға ұшып кетеді.
Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Мумбайда өткен «Қырғызстанда бизнес жүргізу» жөніндегі форумда қырғыз елінен үнді жеріне алтын экспорттау жөнінде мәселе көтерілгенін айтқан.
Қырғызстан мен Үндістан арасында тауар алмасу 2018 жылы 37 миллион доллар болған.
newstaraz.kz