Новости на Newstaraz.

Ұйғыр трибуналы Қытай Шыңжаңда геноцид жасап жатыр деп шешті

newstaraz.kz

Люди на рынке в Синьцзяне. Китай, 2015 год

Лондонда орналасқан Ұйғыр трибуналы Қытай билігі Шыңжаңда ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарға қарсы геноцид жасап жатыр деген шешім шығарды.

Трибунал Қытай басшысы Си Цзиньпин бастаған басшыларын Шыңжаңдағы қудалауға «тікелей қатысы бар» деп санайды. Ұйғыр трибуналының шешімі кейбір елдер 2022 жылы Пекинде өтетін қысқы олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялап жатқан тұста шықты.

Ұйғыр трибуналы биыл қыркүйекте басталып, Шыңжаң лагерінде қамауда болған ондаған қазақ пен ұйғырды, куәгерлерді, академиялық зерттеушілерді тыңдалған еді.

Шыңжаңдағы лагерьде болдық деген қазақтар Орынбек Көксебек, Ерғазы Отарбай мен Бақытәлі Қазақстаннан Лондонға арнайы барып, тыңдауға бастан өткерген қиындықтарын баяндаған.

«Қытай Шыңжаңдағы ұйғыр мен басқа да аз ұлттардың санын азайту үшін жүйелі түрде ұзақ саясат жүргізген. Бұл мақсатқа жету үшін ұйғырлардың тууын шектеген әрі бақылаған» деді 9 желтоқсанда трибуналды жүргізген заңгер Джеффри Найс.

Трибунал Шыңжаңдағы қысымға Қытай президенті Си Цзиньпин, Чэнь Цюаньго мен Компартиядағы басқа да шенеуніктер жауапты деп санайды.

«Президент пен басқа да шенеуніктер азаптауға, зорлауға тікелей бұйрық бермеген, бірақ трибунал бұл әрекеттер президент Си Цзиньпиннің саясатының негізінде жүргізілген деп санайды. Себебі мұндай қатаң иерархиялы елде жоғары билік әрбір әрекеттен хабардар» дейді Найс

Британиялық заңгер Найс Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің сұрауымен үкіметтік емес тәуелсіз Ұйғыр трибуналын 2020 жылы құрған. Биыл Пекин Найс және бірнеше британиялыққа санкция салған еді.

Ұйғыр трибуналы үкіметтік емес өз бетінше құрылған сот ретінде санкция салуға өкілеті жоқ. Олар бұл шешімге халықаралық қауымдастық назар аударады деп есептейді.

Лондондағы трибунал Қытайдың Шыңжаңда адамдарды жаппай өлтіргеніне дәлел жоғын, бірақ адамдарды азаптау, ұрықсыздандыру, туу деңгейін шектеу фактілері геноцид сипатына толық келетінін айтады.

Германияда орналасқан Бүкіләлемдік ұйғыр конгресі (World Uyghur Congress) Лондондағы трибуналдың шешімін Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарға «үлкен қолдау» деп бағалады.

«Бұл – ұйғыр халқы үшін тарихи күн. Тәуелсіз органның ұйғырларға қысымды геноцид деп шешуі – Қытайдың әрекетін халықаралық деңгейде геноцид деп тануға жасалған үлкен қадам. Бұл шешім 1948 жылғы Геноцид конвенциясына кірген БҰҰ мен басқа да елдерге Қытайдың әрекетін геноцид деп тануды тағы бір рет еске салады» деді конгрестің президенті Долкун Иса мәлімдемесінде.

Қытай билігі 9 желтоқсан – Лондон трибуналы шешімін жариялаған күні BBC сайтына «бұл –псевдо сот әрі Қытайға қарсы күштердің жұртты адастыруы» деген.

Ресми Пекин күзде Лондондағы трибуналда тыңдау өтіп жатқанда да бұл сотты «Қытайға қарсы саяси фарс» деп сынаған.

Лондондағы трибуналдың шешімі АҚШ, Ұлыбритания және Канада 2022 жылы ақпанда Пекинде өтетін қысқы олимпиадаға дипломтиялық бойкот жариялап жатқан кезде шықты. Бұл бойкотқа сай, Вашингтон, Лондон және Оттова Пекин олимпиадасына жоғары лауазымды шенеуніктерін жібермейді, тек спортшылары қатысады.

БҰҰ есебінше, Қытай Шыңжаң өлкесінде 2017 жылдан бері лагерьлер ашып, бір миллион ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды қамаған. Кейін зерттеушілер Пекин Шыңжаңдағы халықтың санын азайту үшін әйелдерді стерелизациялап, түсік жасатқанын мәлімдеген. Лагерьден шыққан әйелдер сақшылар зорлағанын, ал еркектер қамауда азапталғанын айтқан.

Қытай лагерьлерді «кәсіп меңгеру орталығы» дейді, ал Шыңжаңдағы саясатын «экстремизммен күрес» деп атайды. Пекин бұл өлкеге Батыс елдері мен БҰҰ өкілдерін кіргізбей отыр. Бұдан бөлек, Қытай мемлекеттік медиасында Шыңжаңдағы «бақытты өмірді» көрсетуге тырысады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »