Әкесі демалыста жүр. Сердар Бердымұхамедов басты әскерилерді ауыстырды
Президент Туркменистана Сердар Бердымухамедов
Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мен ішкі істер министрін ауыстырды.
Бұған қоса, ол қауіпсіздік жөніндегі вице-премьер қызметін жойды. Бұл қызметте елдің мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Чарымұрат Аманов отырған. Вице-премьер қызметін жою себебін Бердымұхамедов түсіндірмеді, ал ІІМ басшысы Овездурды Хожаниязов соңғы мәрте қатаң сөгіс алғанын еске салған.
Күш құрылымдарындағы ауыс-түйістерді президенті Бердымұхамедов 6 сәуірде Түркіменстан мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің отырысында жариялады.
Сердар Бердымұхамедов – экс-президент Гурбангұлы Бердымұхамедовтің ұлы – 12 наурыздағы мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында жеңіске жетті деп жарияланды. Мемлекет басшысы қызметіне кірісе сала ол әкесінің үкіметін таратты, бірақ артынша олардың бәрін дерлік бұрынғы қызметтерге қайта отырғызды.
Айта кетерлік жайт, Сердар Бердымұхамедов маңызды өзгерістерді әкесі, Халк Маслахатының төрағасы Арқадақ Гурбангұлы Бердымұхамедов демалыста жүрген уақытта жасады.
newstaraz.kz