Әлемнің әр қалаларында Украинаны қолдау акциялары өтіп жатыр
23-26 ақпан аралығында әлемнің әр қалаларында Украинаны қолдау мақсатында «Жарық түнекті жеңеді» (#LightWillWinOverDarkness) деген атаумен акциялар өтіп жатыр.
Бұл шаралар 2014 жылы Ресейдің Украинаның Қырым жерін аннексиялауына, 2022 жылдың 24 ақпанында Украинаға басып кіруіне қарсы бағытталған.
Бұл шараны ұйымдастырушылардың бірі Украина қоғамы бірлестігі — Communities Army of Ukraine.
Ұйымдастырушылар «сары-көк түс» «мәскеулік-путиндік түнекті» жеңеді деген сенімде.
Акцияға шыққан қатысушылар Украина туының түсіндей сары-көк түсті киімдер киіп, шарлар, шамдар ұстап шығып жатыр.
Кейбір қалаларда өткізілген флешмобта «Украинаның картасы» көрсетілген.
newstaraz.kz