Әлемнің ірі қалаларындағы экобелсенділер климаттың жылынуын тежеуді талап етті (видео)
Әлемнің ондаған қаласында жұма-сенбі күндері климаттың өзгеруіне қарсы акциялар өтті. Олар Глазгода өтіп жатқан халықаралық климат саммитіне орай ұйымдастырылды.
Ондаған мемлекеттік басшысы қатысқан конференцияда көмірден бас тарту туралы уәде беріліп, ормандардың оталуы тоқтатылатыны жөнінде мәлімдемелер жасалды. Дегенмен экобелсенділер мұндай уәделер аз деп есептейді.
Глазгода жұма күні манифестация ұйымдастырылды. Оған танымал экобелсенді Грета Тунберг те қатысты. Ол дамыған елдердің басшыларын сынады.
Еуропадағы ірі қалаларда наразылық акциялары сенбі күні ұйымдастырылды.
Глазгодағы халықаралық конференция тағы бір аптаға созылады. Орталық Азия елдері басшыларынан климат саммитіне Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қана қатысты.
newstaraz.kz