Әндіжан қаласының басшысы $4,4 млн жымқырды деген күдікпен ұсталды
Өзбекстандағы Әндіжан қаласының басшысы Бахромжон Хайдаров ұсталды. Мәліметті Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов растады.
Тергеу нұсқасы бойынша, Әндіжан қаласының басшысы мен оның қарамағындағылар бюджеттен 48 миллиард сум ($4,34 млн) жымқырған.
Бас прокуратура жүргізіп жатқан тергеу барысында 37 адам жауапқа тартылған, олардың 32-і ұсталған. Осы уақытқа дейін бюджет шығының 23 пайызы ғана толған.
Биыл 28 мамырда Хайдаров депутат иммунитетінен айрылған еді.
Бұның алдында Бахромжон Хайдаров мемлекет мүддесіне 1,7 млрд сум ($153 мың) шығын әкелді деген айыппен істі болған.
newstaraz.kz