Әндіжанда мұғалімдерді оқушылардың ата-аналарынан кешірім сұрауға мәжбүрлеген
Әндіжанның Мархамат ауданында #72 арнайы жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері түлектерінің ЖОО-ға аз түсетіні үшін оқушылардың ата-аналарынан кешірім сұраған. Бұл оқиға қоғам наразылығын туғызды.
Дереккөз мәліметінше, бұл шараны өткізген аудандық білім беру бөлімінің басшысы.
Әлеуметтік желі қолданушылары мұны мұғалім беделін түсіру деп бағалап жатыр.
Өзбекстанның халықтық білім беру министрлігінің баспасөз хатшысы Лайло Рустамова аталған оқиғаны айыптайтын мәлімдеме таратты.
Кейін халықтық білім министрі Бахтиёр Саидов жағдайды «мемлекет саясатына қарсы шара» деп атады.
«Мен мұны қандай мақсатпен жасалғанын білмеймін. Бірақ кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс»,- деді министр.
Ұлттық масс-медианың дамуына қолдау көрсету жөніндегі қордың төрағасы Комил Алламжонов бұл оқиға үшін Әндіжан облысының әкімі Шухрат Абдурахманов кешірім сұрауы тиіс деді. Бірақ кешірімді мұғалімдерден Мархамат ауданының әкімі Бобур Юлдашев сұраған.
newstaraz.kz