Әндіжанда облыс басшысымен кездесе алмағаны үшін жолды жапқан әйелдер 15 тәулікке қамалды
2 тамызда Әндіжан қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты өткен сенбіде облыс әкімдігі алдындағы жолды жапқан 17 адамға үкім шығарды.
Бұған дейін хабарланғандай, 31 шілдеде бір топ әйел Әндіжан қаласында жолды жапқан.
Жергілікті милицияның хабарлауынша, олар сенбіде облыс басшысы Шухрат Абдурахмановпен кездесуге кіре алмаған. Бір топ әйел өңір басшысының орынбасарының қабылдауына кіргісі келмей, наразылық ретінде әкімдік алдындағы жолды жапқан.
Қалалық ішкі істер басқармасы оқиғаны тексеріп, материалдарды қалалық сотқа тапсырған.
Жолды жапқан 15 әйел мен екі ер азамат бұзақылық жасадып деп танылды.
Он бір адам сегізден 15 тәулікке дейін қамауда отырады, қалғандары айыппұл төлейді.
Бұған дейін хабарланғандай, өткен айда Қашқадария облысы Чиракчи ауданына қарасты «Айритом» ауылының тоғыз тұрғыны темір жолды жапқаны үшін 15 тәулікке қамалды, төрт адамға айыппұл салынды.
newstaraz.kz