Әзербайжан Арменияның 15 тұтқынын мина қойылған алқапты анықтайтын картаға айырбастады
Әзербайжан билігі армениялық 15 әскери тұтқынды Таулы Қарабақтағы мина табатын картаға айырбастағанын жеткізді. Бұл мәліметті Арменияның премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян да растады.
Әзербайжан сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, армян тарабы берілген карталар Таулы Қарабақтың Агдам ауданындағы 100 мыңға жуық мина қойылған аймақты көрсетеді.
Былтыр күзде алты аптаға созылған соғыс кезінде азери армиясы қолға түсірген Армения әскері мен азаматтарының саны белгісіз болған.
Наурыз айында Адам құқықтары бойынша Еуропа соты Әзербайжанда Арменияның 249 азаматы тұтқында екенін хабарлаған.
Осыған дейін ресми Ереван Арменияға 69 әскери тұтқынның қайтарылғанын мәлімдеген.
newstaraz.kz