Өзбек үкіметі: Ресейден шыққан автобустар Қазақстан арқылы Ташкентке емес, Бішкекке барады
Өзбекстан 16 наурыздан бастап Қазақстанмен халықаралық автобус қатынасын жандандырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Өзбекстан көлік министрлігінің ақпарат қызметі хабарлады.
Ресми мәліметке қарағанда, Өзбекстан көлік министрлігі Ресейден шыққан автобустардың Қазақстан арқылы Қырғызстанға өтуін ұйымдастырып жатыр.
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы халықаралық автобус қатынасы 2020 жылғы 16 наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған.
Өзбекстан көлік министрлігі өзбек жағының Ресейден шыққан рейстердің Ташкентке емес, Бішкекке өтуіне неге мүдделі екенін түсіндірмеді. Министрліктің өзбек үкіметі атынан жасаған мұндай мәлімдемесін қарапайым халық түсінбей отыр.
newstaraz.kz