Өзбек белсендісі «жалған ақпарат таратты» деген айыппен ұсталды
Эколог Руслан Хаирнуров
Самарқанд қаласында қоғам белсендісі Руслан Хайрнуровты құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстады.
«Самарқанды құтқарайық» тобының мүшесі Хайрнуров «жалған ақпарат таратты» деп айыпталды.
Самарқанд милициясы белсендінің ұсталғанын растады.
Хайрнуровтың адвокаты мен туыстарының айтуынша, оны жергілікті заң бұзушылардың әрекетін сынағаны үшін қудалауға ұшырады.
Мәліметтерге қарағанда, 54 жастағы Руслан Хайрнуровты 27 желтоқсанда «Мададкор» махалласының инспекторы әңгімелесуге шақыртқан. Оны ұстау кезінде заң бұзылды, дейді белсендінің адвокаты.
Хайрнуровты айыптауға себеп болған мәтінді әлеуметтік желіде он шақты адам таратқан, бірақ милиция Русланды ғана ұстаған. Адвокат оны қоғамдағы белсенді әрекеттері үшін ұстады деп есептейді.
— Мәтін авторына тиіспеген. Хайрнуров Зарафшан ұлттық саябағын қорғап жүр. Сонымен бірге, ол Самарқанда қоқыс өңдеу зауытына қатысты зерттеу жүргізді. Зауыт жоқ, қоқыс таситын көліктер ғана сатып алынған. Мұндай автокөліктерді Самарқанда Isuzu зауыты шығарады, бірақ бұлар Қытайдан сатып алған. Оны қоғамдағы белсенділігі үшін қудалап жатыр, — деді адам құқықтарын қорғаушы Мирзо Субхонов.
newstaraz.kz