Новости на Newstaraz.

Өзбек депутаты: қызыл ту көтеру — өзбек халқын «қорлау»

newstaraz.kz

Өзбекстанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының төрағасы Әлішер Қадыровтың мәлімдеуінше, оның партиясы Ташкенттегі «Истиклол» өнер сарайы алдындағы концерттегі «арандатушылықты» қатаң түрде сынайды.

Қадыров Telegram-арнасында жариялаған мәлімдемесінде «Миллий тикланиш» партиясы өнерге қарсы шықпайтынын, бірақ өнерді саясатта қару ретінде пайдалануды қолдамайтынын айтты.

«Біз өнерге қарсы емеспіз, біз өнердің саяси қаруға айналуын қаламаймыз. Астананың қақ ортасында біздің ата-бабаларымызды, өзбек зиялыларын қырған, басқыншы Совет мемлекетінің туын көтеруін өзбек халқын қорлау деп есептейміз», – деді Әлішер Қадыров.

Партия төрағасы Бас прокуратураның «арандату әрекетіне берген бағасын» күтіп отырғанын мәлімдеді.

КСРО-ның қызыл туы 1 мамырда «Хор Турецкого» және Сопрано (Ресей) ұжымдарының концерті кезінде желбіреген. Бұл концерт «Истиклол» өнер сарайы алдындағы алаңда «Жеңіс әндері» жобасы аясында ұйымдастырылған.

Қызыл туды көтеру сәтінде түсірілген сурет концертті ұйымдастырушылардың бірі — «Россотрудничествоның» Өзбекстандағы мекемесінің парақшасында жарияланды. Ресейдің Өзбекстандағы елшісі қызметіне жақында ғана тағайындалған Олег Мальгинов «Жеңіс әндері» концертінде сөз сөйлеген.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »