Өзбек кәсіпкерлеріне алданған түрік азаматы президент Мирзияевтан көмек сұрайды (видео)
Глава турецкой компании Dalgıc Hayvancılık Ахмет Далгыч.
Dalgıc Hayvancılık түрік компаниясының басшысы Ахмет Далгыч (Ahmet Dalgıç) өзін өзбек кәсіпкерлері алдағанын айтып, президент Шавкат Мирзияевтан көмек сұрап, инвестиция ретінде салған 138 мың АҚШ долларын қайтарып беруін өтінді.
Ахмет Далгычтың сөзінше, сегіз ай бұрын өзбек соттары арқылы ақшасын қайтару тырысқан. Бірақ оның арыздары ескерусіз қалған.
«Бір жыл бұрын мен Жызақ облысында орналасқан «O’rmancha-capers» компаниясына киеуіл өсімдігін сатып алу үшін (асқа дәмдеуіш ретінде пайдаланады) 138 мың АҚШ долларын аударғам. Бір жыл болды, не өсімдік жоқ, не ақша жоқ. Сізден көмек сұраймын», — деген түрік кәсіпкері өзбек президентіне жазған ашық хатында.
Келісім-шартқа сәйкес, өзбек компаниясы түрік кәсіпкеріне 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін 95 келі киеуіл өсімдігін жіберуі керек болған.
Ахмет Дагыч келісім-шартта көрсетілген талаптар орындалмағаннан кейін Өзбекстанға барып, сегіз ай бойы сергелдеңге түскенін айтады. Ол адвокат жалдап, тиісті мекемелерге, үкіметке, сотқа арызданған.
2 ақпанда Түркия елшілігі кәсіпкердің өтініші бойынша Өзбекстанның сыртқы істер министрлігіне арнайы нота жолдаған.
Өзбекстанның «O’rmancha-capers» компаниясына жақын дереккөздің хабарлауынша, сот аталған компанияның екі басшысын «алаяқтық» бабы бойынша алты жылға соттаған. Мәліметке қарағанда, олар тек түрік азаматтарын ғана емес, өзбек кәсіпкерлерін де алдап келген.
Ахмет Далгыч қазір Ташкентте өзінің сенімді өкілі бар екенін, бірақ «O’rmancha-capers» компаниясының өкілдері оған қоқан-лоққы жасап жатқанын айтады.
Жызақ облысында киеуіл өсімдігі көп өседі. «O’rmancha-capers» компаниясы былтыр Италия, Испания және Ресейге 2,3 тонна киеуіл өсімдігін экспорттаған.
newstaraz.kz