Өзбек президенті Мирзияев маусым айында Тәжікстанға барады
Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов пен Тәжікстан үкіметінің басшысы Кохир Расулзода 24 сәуірде Худжанд қаласында кездеседі. Бұл туралы Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет басшылары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға сапарын талқылайды. Бұл сапар биыл маусым айының бірінші жартысында өтеді деп жоспарланған.
Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, премьерлердің кездесуін дайындау үшін 21 сәуірде Душанбеге Өзбекстан үкіметінің өкілдері мен сарапшыларынан тұратын делегация келді. Олар сауда және экономика, көлік және коммуникация, су және энергетика, сонымен бірге өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында әріптестік арттыру мәселелерін пысықтайды.
newstaraz.kz