Өзбек президентінің күйеу баласына тиесілі болған банктің ендігі қожайыны – Алишер Усманов
Өзбекстан тумасы, ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың Телекоминвест компаниясының еншілес фирмасы “Finance TCI” Капиталбанктің қосымша 3,81% акция пакетін сатып алған.
Ташкент қор биржасының мәліметі бойынша, Алишер Усмановтың компаниясы қазір Капиталбанктің 61,54% иелік етеді.
21 қаңтарда Біріңғай корпоративтік ақпараттық портал Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің күйеу баласы Ойбек Турсунов Капиталбанкке иелік ететіндердің тізімінен шығарған.
Ойбек Турсунов былтыр қазан айынан бері аталған 50 процент акциясына иелік етіп келген.
newstaraz.kz