Өзбек сенаты спикерінің Ташкенттегі пәтерін тонап кетті
Өзбекстан ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 қарашада Олий Мәжіліс төрайымы Танзила Нарбаеваның Ташкенттегі қызмет пәтерінен 12 500 доллар ұрланған.
Танзила Нарбаеваның үкімет шенеуніктеріне арналған Дүрмен кешеніндегі пәтерінде қызы Нилюфар Камалова отбасымен бірге тұрады.
25 қарашада астананың Мирзо-Ұлықбек аудандық милициясына пәерден 12 500 доллар ұрланғаны туралы арыз түсті. Ақша пәтердің қонақ бөлмесінде шкафтағы шайнектің ішінде сақталған.
«Аса ірі көлемде ақша ұрлау» қылмысына байланысты іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Күдікті ретінде екі екі әйел ұсталды.
Сенаттың баспасөз қызметі ақша ұралғанын растады, алайда сенат төрайымының өзі бұл жайттан хабарсыз екенін хабарлады. Дегенмен мекемедегілер сенат төрайымының қызмет пәтерінде неге оның қызы тұратынын түсіндірмеді.
newstaraz.kz