Өзбекстан Қазақстанмен шекарадан заңсыз қару-жарақ алып өтпек болған топтың ұсталғанын хабарлады
Ташкент және Ферғана облыстарында өзбек шекарашылары қару-жарақты заңсыз тасымалдаған топты ұстаған.
Шекара кеден комитетінің мәліметінше, оқиға Қазақстанмен арадағы «Гишткуприк» өткізу бекетінде орын алған. Қазақстаннан келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігін тексеру барысында бір пневматикалық тапанша, екі газ баллон және 310 оқ табылған.
Тағы бір осындай оқиға «С.Наджимов» өткізу бекетінде орын алған. Көлік ішіндегі щаң сорғыштың ішінен оқ дәрілер мен тапанша табылған.
«Ферғана» әуежайының кеден бекетінде Д.Ж. деген азаматтан қару табылған. Жасыл дәліз арқылы өткен азаматтың әлденеге алаңдауы кеденшілердің күдігін туғызған.
Қазір бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.
newstaraz.kz