Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзды дегенді жоққа шығарды
Өзбекстан қорғаныс министрлігі «Sputnik Ауғанстан» ақпарат агенттігінің өзбек дрондары Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзды деген мәліметін жоққа шығарды.
«Жалған ақпарат. Өзбекстан әскери әуе күштері көрші елдің әуе кеңістігін бұзған жоқ», – делінген Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.
Министрліктің ресми жауабында Өзбекстан әуе қорғанысы көрші елдің әуе кеңістігінің бұзылғанын тіркемеді делінген.
«Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің авиациясы белгіленген тәртіпке сай әскери күзет жүргізеді», — делінген министрлік мәлімдемесінде.
newstaraz.kz