Өзбекстан: Ұлттық гвардия мен ІІМ экологиялық қылмыстар үшін жазаға тарту құқығына ие болды
Өзбекстан президенті 11 шілдеде «Экология және қоғамдық тәртіп жөніндегі заңдарға өзгертулер мен түзетулер енгізу жөніндегі» заңға қол қойды.
Әділет министрлігі хабарлағандай, бұл өзгерістерге сәйкес, бұдан әрі Ұлттық гвардияға және ішкі істер органдарына экология және қоршаған ортаны қорғауға жататын құқық бұзулар мен онымен күресу құқықтары беріледі.
Олар бұл қылмыстар үшін кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарта алады.
Заң ресми жарияланған күннен бастап 3 ай өткеннен кейін күшіне енеді.
Осының алдында Ұлттық гвардияның құқықтары көктемде кеңейтілген. Ұлттық гвардия тәртіпсіздік жасағандарға және суық қару алып жүргендерге қаулы қабылдап, сотқа жібере алады.
newstaraz.kz