Өзбекстан коронавирусқа байланысты енгізген барлық шектеуді алып тастайды
Бұдан былай Өзбекстанға баратын азаматтар, сонымен бірге шетел туристері коронавирусқа байланысты ПТР тест тапсырмайды, екпе алғаны жөнінде құжат көрсетпейді. Кірерде антиген анықтайтын экспресс-тест те тапсырмайды.
10 маусымнан бастап елде коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген барлық шектеулер жойылады.
8 маусымнан бастап аталған шектеулерді Қазақстан алып тастаған.
newstaraz.kz