Өзбекстан мен Тәжікстан арасында жолаушылар автобусы қайта жүре бастады
Өзбекстан мен Тәжікстан Хожент-Ташкент-Хожент автобус қатынасын қалпына келтірді. Бұл туралы рейсті жүзеге асыратын Asian Express компаниясы Facebook арқылы хабарлады.
Бірінші автобус Тәжікстаннан Өзбекстанға 18 қазанда жүреді.
Компания өкілінің айтуынша, таяуда екі ел ортасында күн сайын қатынайтын тағы 2-3 автобус қосылады.
Жолаушылар екі елдің шекарасынан өтер кезде корнавирусқа қарсы екпе салдырғанын растайтын сертификатын немесе экспресс-тест нәтижесін көрсетуі тиіс.
Өзбекстан мен Тәжікстан арасында жүретін жолаушылар автобусы 2020 жылдың наурыз айында пандемия басталғанда тоқтаған.
newstaraz.kz