Өзбекстан: пандемия «кері шегініп» жатыр
Өзбекстанда 22 наурыздағы көрсеткіш бойынша 7 адамнан коронавирус анықталған. Елдің денсаулық сақтау министрлігі «пандемия кері шегініп жатыр» деп мәлімдеді.
Науқастың бесеуі Ташкентте, екеуі Наманган облысында тіркелген. Сейсенбі күні ешкімнен вирус анықталмаған.
21 наурызда 12 адамнан ковид, 2 адамнан пневмония анықталған.
2020 жылдың наурызында пандемия басталғаннан бері Өзбекстанда ресми көрсеткіш бойынша 237 527 адам коронавируспен ауырған.
newstaraz.kz