Өзбекстан премьер-министрі жұмыс бабымен Қырғызстанға келді
Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов жұмыс бабымен Қырғызстанға келді. Көрші елдің үкімет басшысын Ош халықаралық әуежайында Қырғызстан министрлер кеңсесінің төрағасы Ақылбек Жапаров күтіп алды.
Екі елдің премьер-министрлері ресми кездесу өткізіп, шекаралас аудандар өкілдерінің төртінші жиналысына қатысады.
Бұған қоса, Әріпов Баткен облысы Лейлек ауданындағы Марғұн ауылының орта мектебін ашу салтанатына қатысады.
Өзбекстан Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданындағы Самарқандек және Марғұн ауылдарына мектеп салып беретіні былтыр хабарланған.
newstaraz.kz