Өзбекстан президенті 980 балаға планшет сыйлады
Президент Шавкат Мирзияев 12 жастан асқан 980 балаға жаңа жылдық сыйлық ретінде соңғы үлгідегі планшет сыйлады. Бұл туралы 27 желтоқсанда Өзбекстанның халық білімі министрлігі хабарлады.
Дәстүр бойынша, жыл сайын балалар үйінде тәрбиеленетін, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға «Президент шыршасы» ұйымдастырылады.
Бұл жолы 12 жасқа дейінгі балаларға президент атынан 21 түрлі сыйлық — тәттілер, сабаққа қажетті заттар, балалар энциклопедиясы және басқа да бұйымдар тапсырылды.
Ал 12 жастан асқан 980 балаға планшет сыйланды.
Бұның алдында, 20 желтоқсанда, министрлік биыл білім беру мекемелерінде жаңа жылдық кештер ұйымдастыруға тыйым салғанын хабарлаған.
Бірақ сол күні кешке министрлік өз мәлімдемесін жоққа шығарып, орта мектептерде мұндай кештер өткізуге шектеу қойылмағанын қосымша хабарлады.
newstaraz.kz