Өзбекстан прокуратурасы вайнер Фарход Маннопов өліміне қатысты іс қозғады
Өзбекстан бас прокуратурасының хабарлауынша, 6 наурызда Чиланзар ауданының прокуратурасы 26 жастағы Фарход Маннопов өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған. Танымал вайнер мұрнына ота жасатқаннан кейін қайтыс болған.
5 наурызда Бас прокуратура Фарход Маннопов өліміне қатысы бар дәрігерлерді ұстай бастады деген мәліметті жоққа шығарды.
Вайнер өлімі әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде қызу талқыланып жатыр.
Mittivine арнасының авторы Маннапов 5 наурызда мұрнына ота жасатқан. Хирургиялық отаға 20 минут қалғанда ол әлеуметтік желілерге видео жүктеп, онда мұрнындағы жараны емдеу үшін дәрігерге қаралғанын айтқан. Ол бассейнде жүзіп жүрген уақытта мұрнын жаралап алған. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке қарағанда, танымал вайнер «анестезиядан уланып» өлген.
Фарход Манноповты жерлеу рәсімінде түсірілген видеолар 5 наурызда әлеуметтік желілерде көптеп тарады. Блолерлердің айтуынша, азалы жиынға он мыңнан астам адам жиналған.
newstaraz.kz