Өзбекстан Ресейде қалып қойған мигранттарды елге пойызбен жеткізеді
«Өзбек темір жолдары» компаниясы Ресейдегі еңбек мигранттарын Өзбекстанға жеткізу үшін төрт пойыз шығарады.
Темір жол компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Волжский-Ташкент» бағытында қатынайтын пойыздар Өзбекстанға 22, 25, 29 қазан және 1 қарашада шығады. Пойызға билеттер бір бағытқа ғана сатылады.
Еске салайық, 2020 жылы өзбек билігі Ресейде қалып қойған мигранттарды елге жеткізу үшін рейстер ұйымдастырған. Карантин шектеулеріне байланысты екі ел арасында жолаушы тасу тоқтаған. Қазір Ресей мен Өзбекстан арасында жолаушыларға әуе жолы ғана ашық.
newstaraz.kz