Өзбекстан «соңғы қоңырау» мен емтиханға ата-аналардан ақша жинауға ресми түрде тыйым салды
Өзбекстанда мектептерге «соңғы қоңырау», мемлекеттік емтихандар мен қорытынды тест өткізуге ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынды. Бұл туралы білім жөніндегі инспекциясының ресми Telegram-арнасында хабарланды.
Инспекция мектеп түлектері мен студенттерден мектепті жаңа оқу жылына дайындауға ақша жинауға жол бермейтінін ескерткен.
Бұған қоса, мекеме «соңғы қоңырау» 25 мамырда сағат 8:00-де басталып, 9:00-де аяқталуы тиіс екенін белгілеген. Бұл шара «Ғылымды бағалап, соған ұмтыл!» ұранымен өтеді.
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында соңғы қоңырауға 1, 4, 9 және 11 сынып оқушыларын ғана қатысты туралы кеңес берілді.
Инспекция мектеп аумағына бөгде адамдарды жіберуге болмайтынын ескертіп отыр.
newstaraz.kz