Өзбекстан Twitter, TikTok және «ВКонтакте» жұмысын шектеді
Өзбекстанның ақпараттандыру және телекоммуникация саласын бақылау бойынша мемлекеттік инспекциясы әлеуметтік желілердің жұмысын шектеп, мұны олардың жеке мәліметтерге қатысты заң бұзуларға жол бергенімен түсіндірді.
Бұл мәліметті аталған мекеме сайты жариялады. Онда «тиісті әлеуметтік желілер аталған кемшіліктерді жойғанға дейін шектеу алынбайтыны» айтылған.
Gazeta.uz жазғандай, қолданушылар Twitter, TikTok және «ВКонтакте» ашылмай жатқанына наразылық білдірген. Медиафайлдар өте баяу жүктеледі. Қолданушылар бұдан бөлек Skype мессенджері де істемей тұрғанын айтты.
Басылым мәліметіне қарағанда, Өзбекстанның Ақпараттандыру және телекоммуникация саласын бақылау бойынша мемлекеттік инспекциясы мамыр айында «ВКонтакте», Twitter және WeChat хат алмасу қызметінің иелеріне «заңның 27-1-бабын сақтауға» ескерту берген. Заңның бұл бабында Өзбекстан азаматтарының жеке мәліметтерін ел ішінде жасалған серверлерге орналастыру туралы айтылған.
Таяуда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзяев Tik Tok қолданушылар мемлекеттік қайраткер және әскери басшы Әмір Темір мен ақын Әлішер Навоидің тарихи естеліктерін мазақтады деп сынға алған.
newstaraz.kz