Өзбекстанда азаптау президент қаулысынан кейін де тыйылмай тұр
Скриншот видеозаписи, на которой запечатлен инцидент, произошедший 25 июля в Нишанском районе Кашкадарьинской области.
Қашқадария облысындағы Нишан ауданының милициясына түскен тұрғын сол түні қайтыс болған. Марқұмның туыстары оны милиция қызметкерлері азаптаған деп отыр.
Құқық қорғау органдары ер азамат облыстық наркология диспансерінде қайтыс болды деп хабарлады, бірақ марқұмның туыстары оны азаптап өлтіргеніне сенімді. Олар марқұмның денесінде азаптау іздері қалғанын айтты.
Карши ауданының прокуратурасы Нұрсоат Мұхаммадиевтің өліміне байланысты тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп жатыр.
29 шілдеде Өзбекстанның бас прокуратурасы Сұрқандария облысындағы Денау ауданында инспектор мен оның екі көмекшісі жергілікті тұрғынды ұрып өлтіргенін хабарлады.
Биыл 29 шілдеде әлеуметтік желілерде Қарақалпақстан тұрғыны Бахтияр Дәулетмұратовты Тахиаташ ауданының инспекторы ұрып өлтірген деген мәлімет тарады. Қарақалпақстан прокуратурасы тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп жатыр.
26 маусымда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев азаптауға жол бермеу жөніндегі құжатқа қол қойған. Соған қарамастан, елде азаптау тыйылмай тұр. Құжат қабылданғаннан кейінгі бір айда үш адам азаптау құрбаны болды.
newstaraz.kz