Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда балалар үйінің түлектері үкіметтен көмек сұрап келіп, билік өкілдерінің қысымына тап болғанын мәлімдеді

newstaraz.kz

Ташкент қаласының ішкі істер департаменті балалар үйінің бұрынғы түлектерінің шағымына қатысты қызметтік тексеру жүргізеді. 22 мамырда министрлер кеңсесіне көмек сұрап келген олар Юнусабад аудандық милиция қызметкерлерінен таяқ жегенін айтқан.

Балалар үйінің бұрынғы түлектері 22 мамырда әлеуметтік желілерге видео жариялады. Видеода олар милиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру бөлімінде күш көрсеткенін айтқан.

Самарқанд қаласындағы № 6 балалар үйінің бұрынғы түлектері Ташкентке 21 мамырда жеткен. Үкіметтен көмек сұрау үшін астанаға арнайы келген олар министрлер кеңсесіне жақын маңдағы жол асты өткелінде түнеген.

Жастар 22 мамырда таңертең министрлер кеңсесінің қабылдау бөліміне келіп, өтініш беру сәтін видеоға түсірген. Сол кезде «министрлер кеңсесінің жауапты қызметкері Шерзод Салимов оларды балағаттаған», содан кейін жастар мен шенеунік жанжалдасып қалған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері балалар үйінің бұрынғы түлектерінің қолын қайырып, үкімет үйінен алып кеткен.

Жастар Юнусабад аудандық милиция қызметкерлері де оларды «адам құрлы көрмегенін» айтты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мемлекет Самарқанд облысындағы №6, №10 және Ташкент қаласындағы №22 балалар үйінің түлектеріне тегін баспана берген, бірақ тиісті органдар баспана несиеге берілгенін жастарға ескертпеген, содан олар далада қалған. Балалар үйінің бұрынғы түлектері осы мәселені шешу үшін Ташкентке келген.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »