Өзбекстанда биыл біріңғай мектеп формасы енгізілмейді
Өзбекстанда 2022-2023 оқу жылында оқушылардан міндетті түрде мектеп формасын кию талап етілмейді. Бұл туралы елдің білім беру министрі Бахтиёр Саидов мәлімдеді.
Оның сөзінше, өлке мектептерінде біріңғай форма 2025 жылға дейін біртіндеп енгізіледі.
Бұдан бөлек министр оқушы қыздарға сабаққа ашық түстегі ұлттық орамалдарды тағуға тыйым салынбайтынын жеткізді.
Саидовтың сөзінше, жергілікті билік тұрмысы төмен отбасылардың балаларына мектеп формасын бюджет есебінен сатып әперуге көмектеседі.
Тамыз айында Өзбекстанның барлық қалалары мен аудан орталықтарында мектеп формасын сату бойынша жәрмеңкелер ұйымдастырылады.
newstaraz.kz