Өзбекстанда блогерді өлтірді деген күдікті 16,5 жылға сотталды
Ташкенттің Шайхантахур аудандық соты 9 тамызда Asalhoney деген атпен танымал блогер Асаль Хожаеваның өлімі бойынша үкім шығарды.
Ресми мәліметке қарағанда, сот хорезімдік 25 жастағы Каримберган Шоназаровты 16,5 жылға бас бостандығынан айырған.
Сот бұдан бөлек марқұмның банкте сақталған 10,2 миллион сумын (1000 доллар шамасында) оның заңды өкіліне беруге және 20,85 миллион сум шығынды оның пайдасына өндіру жөнінде шешім шығарды.
Асаль Хожаеваның денесі биыл 18 наурызда өз пәтерінде табылған.
newstaraz.kz