Новости на Newstaraz.

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауында алдын ала дауыс беру басталды

newstaraz.kz

Өзбекстанда 9 шілдеде өтетін кезектен тыс президент сайлауында алдын ала дауыс беру басталды. Бұл туралы Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Республикада алдын ала дауыс беруге арналған сайлау учаскелері 28 маусымда жергілікті уақытпен сағат 11.00-де ашылды.

Сайлау кодексіне сәйкес, сайлау өтетін күні өзі тіркелген мекенде дауыс беруге мүмкіндігі жоқтар алдын ала дауыс бере алады. Ол үшін тұрғындар сайлау учаскелеріне арыз жазып, сайлау күні неге дауыс бере алмайтынын түсіндіруі керек. Жұмыс барысымен жол жүретіндер, шетелге шығатындар осы әдіспен алдын ала дауыс бере алады.

ОСК мәліметінше, алдын ала дауыс беру 5 шілдеде аяқталады. Одан соң Өзбекстан президентін сайлауды ұйымдастыру басталады. Республикада 10 784 сайлау учаскесі құрылған.

Биыл 30 сәуірде қабылданған жаңа конституция президент Шавкат Мирзияевқа 2037 жылға дейін билікті қалуға мүмкіндік берді. Президент мерзімі бес жылдан жеті жылға дейін ұзартылды.

Сайлау науқаны 10 мамырда басталды. Үміткерлерді тіркеу 6 маусымда аяқталды.

Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы қазіргі президент Шавкат Мирзияевті, Халық-демократиялық партиясы Ұлықбек Иноятовты, «Әділет» социал-демократиялық партиясы Робахон Махмудовты, Экологиялық партиясы Әбдушүкір Хамзаевты ұсынды.

Биыл 66 жасқа келетін Шавкат Мирзияев соңғы мәрте екінші бес жылдық мерзімге 2021 жылғы қазанда сайланған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »