Өзбекстанда ковид жұқтырғандар көбейе бастады
Өткен аптада Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 162 жаңа жағдай тіркелді. Бұл жөнінде елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жергілікті басылымдардың мәліметіне қарағанда, бұл бір тәуліктің ішінде COVID-19 жұқтырғандардың саны бойынша 21 ақпаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Онда ресми түрде 175 адамнан ковид анықталған.
Өзбекстанда 25 қарашадан бері күніне 100-ден астам адамнан коронавирус анықталып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі пандемия басталғаннан бері елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны қаншаға жеткенін ресми хабарлаған емес. Бірақ күн сайын анықталған сандарды есепке алғанда, 246,5 мыңнан асады.
newstaraz.kz