Өзбекстанда министрлік пен мекемелер 61-ден 28-ге дейін қысқарады
Өзбекстан президенті министрлік пен мекемелер санын 61-ден 28-ге дейін қысқарту жөніндегі құжатқа қол қойды. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап министрліктер саны 25-тен 21-ге дейін қысқарады, 20 мекеме толығымен жойылады.
Шавкат Мирзияев мемлекеттік органдарды оңтайландыру жөніндегі жоспарын парламентте жасаған жолдауында айтқан.
Атқару билігі органдарының штаты, оның ішінде жетекші құрам 30% қысқарады және «еңбек ақыны әділетті төлеу жүйесі» енгізіледі.
Қысқарту нәтижесінде үнемделген қаражаттар әлеуметтік проблемаларды шешуге жұмсалады.
«Жаңа Өзбекстанның әкімшілік реформасының» бірінші кезеңі аясында 1 қаңтардан бастап өлкеде басқару әдісінің біріңғай жүйесі жұмыс істей бастайды.
newstaraz.kz