Өзбекстанда наразылық білдіріп, темір жолды жапқан тұрғындар 15 тәулікке қамалды
Өзбекстанның Қашқадария облысына қарасты Чиракчин ауданында темір жолды жапқан 13 адамға қатысты сот үкімі шықты.
Жергілікті басылымдардың мәліметіне қарағанда, Чиракчин аудандық соты тоғыз айыпталушыны 15 тәулікке қамап, төртеуіне 160 доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.
Олар 7 маусымда темір жолды жапқан. Тұрғындар аудан басшысы Хуррам Жураевтан халықты электр энергиясымен қамтамасыз етуді және қуатты «трансформаторға» қосуды талап еткен.
Сол күні 10:48 шамасында бұл станциядан Ташкент-Карши бағыты арқылы жүрдек пойыз өткен. Пойыз келерден 28 минөт қалғанда Чиракчин ауданының басшысы келіп, оларды Айратом ауылына алып кеткен. Ешкім зардап шекпеді.
newstaraz.kz