Өзбекстанда пара алушы ГАИ қызметкерінің рөлін сомдаған вайнер 15 тәулікке қамалды
Өзбекстанның Қашқадария облысы Шахрисабз қаласында ішкі істер министрі қызметкерінің формасын киіп, видео түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялаған екі жігіт ұсталды. Видео-роликте (Shorts Vine) жас жігіттер ГАИ қызметкері мен жүргізушінің образын жасап, пара алу процесін түсірген.
ІІМ мәліметінше, видео авторларына қатысты сот процесі өтіп, шешім шыққан. Олар ұсақ бұзақылық бойынша, 15 тәулікке қамауға алынған.
Сот отырысында екі вайнер істеген істеріне өкінетінін айтып, кешірім сұрады деп хабарлайды ІІМ.
newstaraz.kz