Өзбекстанда шет тілдерінде теле- және радиоарналар ашылады
Өзбекстанда шет тілдерінде, тәулік бойы хабар тарататын теле- және радиоарналар ашылады. Күнде үш сағат шет тілдерін онлайн-оқу бағдарламаларына арналады.
Биыл 19 мамырда Өзбекстан президенті республикада шет тілдерін насихаттауды көздейтін жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, 207 жалпы білім беретін мектеп шет тілдерін үйрететін білім мекемелеріне айналады.
Бұған қоса, шет тілдері бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылардың біліктілігі төрт әдіспен (аудитаспа тыңдау, оқу, жазбаша және ауызша) бағаланады.
2021 жылдың аяғына дейін жоғары оқу орындарында мұғалімдер мен студенттерге шет тілін үйрететін орталықтар (курстар) ашылады.
newstaraz.kz