Өзбекстанда жалақы мен зейнетақы 7% өседі
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 28 наурызда жалақы мен зейнетақы мөлшерін көбейту жөніндегі бұйрыққа қол қойды.
Бұйрыққа сәйкес, 1 сәуірден бастап, Өзбекстанда жалақы мен зейнетақы 7 пайызға өседі.
4,4 миллион зейнеткердің зейнетақысы көбеймек.
1 мамырдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы 7% өседі. Құжатқа сәйкес, 1 мамырдан бастап ең төменгі жалақы 980 000 сум (86 доллар) болмақ.
Өзбекстанда соңғы рет жалақы мен зейнетақы былтыр мамыр айында өскен.
newstaraz.kz