Өзбекстанда жыл сайын кеденнің 100 шақты қызметкеріне баспана береді
Жыл сайын 100 кеденші баспана алады, сонша қызметкерге ипотека беріледі. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 17 ақпандағы жиналыста осылай деп мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, республиканың Алат, Гүлістан, Термез және басқа да аудандарындағы бекеттерде жұмыс істейтін кеденшілерге тұрғын үй салынады.
Бұған қоса, кеден қызметкерлері мен олардың балаларына жоғары оқу орнына түсуге арнайы квота бөлінеді.
Жиналыста кеден органдарында істейтін қызметкерлердің бар болғаны 8 пайызы әйелдер екені айтылды. Президент кеден қызметіне әйелдерді тарту керектігін мәлімдеді.
newstaraz.kz