Өзбекстанда жылу және су жүйелері қалпына келе бастады
Өзбекстан тұрғын үй және коммуналдық қызмет мининистрлігінің хабарлауынша, республикада 500 қазандықтың 444-і қайтадан іске қосылды.
Министрліктің сейсенбі күні кешке таратқан мәліметіне қарағанда, Ташкенттің орталық жылу қазандықтары 3-4 сағаттың ішінде бұрынғыдай толық қуатпен жұмыс істей бастайды, содан кейін көп қабатты үйлерге жылу беріледі.
Бұның алдында астанада тұрғындарға ауыз жеткізу ісі толықтай қалпына келгені хабарланған. Министрлік мәліметінше, Қарақалпақстан Республикасы, Бұхара, Навои, Наманган, Самарқанд, Хорезм және Ташкент облысындарында су жүйесі 100 пайызға қалпына келген.
Еске салайық, сейсенбі күні түсте Өзбекстанның бірқатар аймағында жарық сөніп, соның салдарынан жылу және су жүйелері тоқтап қалды.
newstaraz.kz