Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры мен арнайы қызмет экс- төрағасының түрмедегі өмірі
5 мамырда «Эзгулик» құқық қорғау қоғамының төрағасы Абдурахмон Ташанов Зангиота түрмесіне барып, жазасын өтеп жатқан бұрынғы бас прокурор Рашиджон Кадыров пен қауіпсіздік қызметінің төрағасы болған Ихтиер Абдуллаевпен жолығып қайтты.
Рашиджон Кадыров 2019 жылдың маусым айында «пара алу», «көлеңкелі ақшаны заңдастыру» баптарымен 10 жылға бас бостандығынан айырылса, Ихтиёр Абдуллаев 2020 жылдың ақпан айында «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды», «пара алу», «өзгенің мүлкін тартып алу» секілді баптар бойынша айыпты деп танылып, 19 жылға түрме жазасына кесілген.
Рашиджон Кадыров Ислам Каримов тұсында 15 жыл көлемінде бас прокурор қызметін атқарған. Құқық қорғаушы Абдурахмон Ташановтың сөзінше, Рашид Кадыров қазір тігін цехында жұмыс істеп жүр. Бір айдан кейін оны жалпы қоныстану мекемесіне ауыстырмақ.
«Ол әйелдерге арналған көйлек тігеді. Оның тіккен көйлегін өзіміз көрдік», — дейді Ташанов.
Ал Ихтиёр Абдуллаев құқық қорғаушыға тергеу барысында өзінің азапталғанын айтып, ісін қайта қарауды сұрап, президентке өтінішімді жеткіз депті. Ол ыдыс-аяқты безендірумен айналысады екен.
Құқық қорғаушы сонымен бірге түрмеде ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы полковнигі Жавдат Шарифходжаевпен де кездескен. Ол бірақ құқық қорғаушымен сөйлесуді қаламаған. Қысқа ғана «ия, жоқ» деп жауап берген. Ол «қызметін асыра пайдаланды», «мемлекет мүлкін талан-таражға салды» деген баптар бойынша 16 жылға сотталған.
newstaraz.kz