1 желтоқсаннан бастап Қырғызстан мен Ресей арасында әуе рейсі көбейеді
Бұл жөнінде Ресейде жұмыс сапарымен жүрген Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров мәлімдеді.
Ол Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустинмен кездескен. Екі тарап сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық және жылу-энергетика саласында келіссөз жүргізген.
Онда Қырғызстан аймақтарынан ортақ білім беру мекемелерінің құрылысын салудың маңызды екенін атап өткен.
Бұдан бөлек салық және кеден саласын толығымен сандық жүйеге көшіру мәселесі қаралған.
Осыған дейін қырғыз үкімет басшысының Ресейге барудағы басты мақсаты жанармай, бензин мәселесін шешу деп айтылған. Қазір Қырғызстанда энергетика саласы қиын жағдайда тұр.
newstaraz.kz