Новости на Newstaraz.

АҚШ-тың Вирджиния штатында супермаркеттегі қарулы шабуылдан бірнеше адам оққа ұшты

newstaraz.kz

АҚШ-тың Вирджиния штатында супермаркеттегі қарулы шабуылдан бірнеше адам оққа ұшты

Иллюстративное фото

Вирджиния штатының Чесапик қаласындағы Walmart желісінің супермаркетінде бір қызметкер кем дегенде 10 адамды атып өлтірді.

Қайғылы оқиға сейсенбі күні түнгі он бір шамасында болған. Бірнеше адамды атып өлтірген дүкен қызметкері кейін өзі де атылып өлген. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз.

Жергілікті полиция өкілі Лео Косинскидің айтуынша, шабуыл дүкен ішінде жасалған болуы мүмкін, қаруды бір адам ғана қолданған.

Walmart әкімшілігі «қайғылы оқиғаны күтпегенін», құқық қорғау органдарына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Осы оқиғадан бір күн бұрын АҚШ-тың Колорадо штатындағы ЛГБТ өкілдеріне арналған түнгі клубта бір кісі бес адамды атып өлтіріп, 17 адамды жаралаған.

2019 жылы Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында Walmart дүкеніндегі қарулы шабуылдан 23 адам өлген, деп хабарлады BBC.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »