Новости на Newstaraz.

«Ақ жол» кеден бекетінен қайтарылған 84 келі алтын жөнінде түсініктеме берді

newstaraz.kz

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев мемлекеттік «Кабар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Қырғызстан шекарасынан 84 келі алтын алып шықпақ болғандар жөнінде түсініктеме берген. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.

Ербол Сұлтанбаевтың сөзінше, Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадан алтын алып өткелі тұрған «Алтын кен» компаниясының қызметкерлерін ұстаған.

– Олар қымбат металдың өзін емес, көлемін жасыруды, сол арқылы оған салынатын салықтан жалтаруды көздеген. Салық қызметі алтын көлемін есепке алып, одан 60 миллион сомға жуық салық алуға тиіс еді. Компания салықтан жалтарғысы келген. Кейбіреулер алтынды ұрламақ болған деп бұрмалап жүр, – дейді Сұлтанбаев.

Оның сөзіне қарағанда, Қырғызстанда жұмыс істейтін 100-ден астам алтын өндіруші компанияның көпшілігі кенді немесе концентратты Қытайға немесе Қазақстанға апарады, сонда өңдеп қайтадан Қырғызстанға әкеледі.

– Өйткені елімізде металдың кей түрлерінен алтынды бөліп алатын зауыт жоқ. Мемлекет басшысының жарлығы бойынша, 2023 жылғы 1 мамырдан бастап бір келі де кен немесе концентрат шетелге шығарылмай, Қырғызстанның өз ішінде өңделуге тиіс. Өкінішке қарай, біз оған дайын болмай, жарлық күшіне енетін мерзім 31 желтоқсанға жылжытылды, – дейді Сұлтанбаев.

Бұған дейін Қырғызстан қауіпсіздік қызметі 17 сәуірде «Ақ жол» кеден бекетінен 84 келі алтын кенін тиеген автокөлік ұсталғанын хабарлаған. Алтын қай елдің компаниясына жеткізілетіні туралы ақпарат айтылмаған. Арнаулы қызметтің мәліметіне қарағанда, құны 300 миллион сомнан асатын кеннің тиісті құжаты болмаған.

Былтырғы қазанда Садыр Жапаров Қырғызстаннан алтын кені мен концентратын Қырғызстаннан шығаруға уақытша тыйым салу туралы жарлыққа қол қойған. 2023 жылғы 1 мамырда күшіне енуге тиіс жарлықта Қырғызстанда өндірілген алтын кенін өңдеу құқығы Қара-Балта тау-кен комбинатына берілетіні көрсетілген. Алайда наурызда президент әкімшілігі жарлықты жүзеге асыру мерзімі шегерілгенін хабарлаған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »