АҚШ Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялады
АҚШ Қытайда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки хабарлады.
«Қытайдың Шыңжаңдағы геноцидін, сонымен бірге адам құқықтарын бұзған басқа әрекеттерін есеп алып, Байден әкімшілігі Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дипломатиялық және ресми делегация жібермейді», — деді Псаки Ақ үйде өткен брифинг кезінде.
Осыған дейін Қытайдағы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялау мүмкіндігі туралы президент Джо Байден де айтқан. Ол бұған себеп ретінде Шыңжаңдағы ұйғырларды қысымға алу мен Тибет және Гонконгтағы адам құқықтарының бұзылуын атаған.
АҚШ мәлімдемесін Австралия қолдап отыр. Бірақ әзірге дипломатиялық бойкот туралы шешім қабылдамады.
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4 ақпанында басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады.
АҚШ соңғы рет 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарына толығымен бойкот жариялаған.
newstaraz.kz