АҚШ президенті Джо Байден Құлдардың азаттығы күнін федералдық мерекеге айналдырды
АҚШ президенті Джо Байден бейсенбі күні 19 маусым — Құрама Штаттарда құлдарды азат ету күнін федералдық мереке деп тану туралы заң жобасына қол қойды.
Өкілдер палатасында дебат барысында демократ Шейла Джексон Ли 19 маусымды федералдық мереке күні деп тану туралы заң жобасын «Американың басты күнәсі болған құлдықтың аяқталуын еске сақтау мақсатында» ұсынғанын айтты.
Техас штаты 19 маусымды 1980 жылы мереке деп таныған, содан кейін бұл күн тағы бірнеше штатта мерекеге айналды. Оны Еркіндік күні немесе Құлдық аяқталған күн деп те атайды. Заң жобасына сәйкес, жаңа федералдық мереке «19 маусым — Ұлттық тәуелсіздік күні» деп аталады.
19 маусым федерация деңгейінде атап өтілетін он бірінші мереке атанды.
newstaraz.kz