Новости на Newstaraz.

АҚШ президенті Кабулдан босқындарды шығару 31 тамызға қарай аяқталады деді

newstaraz.kz

АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстаннан босқындарды шығару кезінде болып жатқан қиындықтарға қарамастан, толық эвакуациялау 31 тамызға қарай аяқталуы тиіс деп мәлімдеді.

Жексенбі күні Ақ үйде мәлімдеме жасаған Байден «Талибан» қозғалысы Ауғанстанды басып алғаннан бері АҚШ барлығы 28 мыңға жуық азаматты шығарып алғанын айтты. Олардың бәрі тәліптер тарапынан репрессияға ұшырауы мүмкін азаматтар. Сонымен бірге АҚШ одақтастары да бірнеше мыңдаған азаматты өз еліне эвакуациялаған.

Байденнің сөзінше, қазір тәліптер америка әскеріне тиісіп жатқан жоқ. Эвакуациялау процесіне де кедергі келтірмеген. Ол 31 тамызға қарай бұл процесс аяқталуы тиіс деді. Бұл мәселе 24 тамызда «Үлкен жетіліктің» онлайн-саммитінде талқыланбақ.

Алда әлі нақты қанша адамның Ауғанстаннан шығарылатыны белгісіз. Бірақ әлі күнге дейін ондаған мың бейбіт тұрғын елден шығып кету үшін Кабул әужайында күні-түні жүр. Кептеліс кезінде 20 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

АҚШ президенті НАТО миссиясын Ауғанстаннан шығару жөніндегі шешімнің дұрыс екенін тағы қайталады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »