Новости на Newstaraz.

АҚШ Ресейден Украина шекарасындағы әскерін алып кетуін сұрады

newstaraz.kz

Энтони Блинкен и Сергей Лавров, Стокгольм, 2 декабря 2021 года

Ресей Украина шекарасы маңындағы шиеленіс қысымын төмендетуі тиіс. АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы Энтони Блинкен 2 желтоқсанда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер барысында осылай деп мәлімдеді. Стокгольмде ЕҚЫҰ министрлер жиналысы кезіндегі кездесу 40 минутқа созылды.

«Украинаға қоқан-лоқы жасап, оның тұрақтылығын бұзу үшін әскерді шиеленіс аймағына шоғырландыру арқылы қысымды арттыру жауапкершілігі Ресейдің мойнында», деді Блинкен.

Мемлекеттік департаменттің кездесу нәтижесі жөніндегі мәлімдемесінде Блинкен АҚШ-тың Донбастағы қарулы жанжалға бейбіт жолмен реттеуге қатысуға дайын екенін айтты делінген.

Жүздесуде Лавров Украинаны АҚШ-тың геосаяси ойынына тартуының салдары болатынын, Мәскеу оған жауап қатуға мәжбүр екенін ескерткен.

Стокгольмдегі келіссөздер басталған уақытта Лавров Мәскеу мен Вашингтон мүдделер тепе-теңдігін іздейтінін айтқан. Министр НАТО-ның шығысқа қарай жылжуына алаңдайтынын, бұл жағдай Ресейдің ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне әсер етенін мәлімдеді.

Келіссөздер басында Блинкен Лавровпен кездесуді — ашық әңгімелесуге таптырмас мүмкіндік деп сипаттаған.

Украина мен Батыс елдері Ресейді әскерін Украина шекарасына жақын маңға шоғырландырды, әскермен шабуылдауға дайындалып жатқан болуы мүмкін деп айыптады. Мәскеу болса Киев пен НАТО елдерінің әрекеттерінен қауіп көретінін мәлімдеді.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »