АҚШ тәжік шекарашыларына J8 маркалы 18 джип берді
АҚШ елшілігі Тәжікстанның шекара әсккеріне J8 маркалы 18 джип көлігін берді, деп хабарлады америкалық дипмиссия.
АҚШ елшісі Джон Марк Поммершайм мен Тәжікстан ҰҚМК шекара әскерінің қолбасшысы генерал-полковник Раджабәли Рахмонәли джип көліктерін тапсыру салтанатына қатысты. 18 автокөліктің жалпы құны — 1,3 млн доллар.
«Біз Тәжікстанға шекара қауіпсіздігі саласында тығыз әріптестік орнатқаны үшін алғыс айтамыз», — деді АҚШ елшілігі. Оның айтуынша, АҚШ Тәжікстанның қауіпсіздік саласына шамамен 60 миллион доллар бөлуді көздеп отыр.
1992 жылдан бері АҚШ Тәжікстанның қауіпсіздік секторына 330 миллион доллар көмек берген.
newstaraz.kz